Атырауда «Арманда» атты халықаралық бизнес форум өтеді

Атырау қаласында 16 қараша күні «Арманда» атты халықаралық білім беру бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бизнес форум М.Асаубаев атындағы креатив орталығында ұйымдастырылады.

Білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша салауатты пікірталас алаңын құруды көздейтін форум спикерлері - белгілі медиа-менеджер, тележүргізуші, қоғам қайраткері Арман Давлетяров,  айтыскер ақын, тележүргізуші Жандарбек Бұлғақов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ислам Байрамуков. 

Оған мемлекеттік қызметкерлер, іскер әйелдер, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, БАҚ өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері, спортшылар, спорт және білім саласының қызметкерлері қатысады. Бас-аяғы 560 адам келеді деп күтілуде.

Орындар саны шектеулі.  Алдын-ала тіркелу  үшін 8(775) 824 1904 нөміріне хабарласуға болады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА