Атырауда ардагерлер референдумды талқылады

Кездесу барысында жергілікті саясаттанушы Болат Нығметов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов өз пікірлерін білдірді. 
- Ата Заңның шамамен 33 бабы өзгертілетіні, соның ішінде президенттің өкілеттігі қысқартылатыны, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейтілетіні, азаматтардың қатысуы айтарлықтай кеңейетіні белгілі. Референдум өткізу-саяси дамудың келесі кезеңі. Бұл уақыт талабы. Себебі, ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысуы керек. Біздің мақсатымыз - осының барлығын халыққа қолжетімді тілмен түсіндіру, - деп атап өтті спикерлер.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің ағымдағы жылғы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес, 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.