Енді ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Мұнайшы» стадионы мен «Сарайшық» базарының аумағында өтеді.
Бұл туралы қала әкімдігіндегілер хабарлады.
"2022 жылдың 10,11 қыркүйегінен бастап апта сайын ұйымдастырылып отырған шаруа қожалықтары, көтерме тасымалдаушылар мен тауарөндірушілерінің қатысуымен өтетін ЖӘРМЕҢКЕ орны «Аламан» базарынан Тұрғын үй қалашығы «Мұнайшы стадионы» алдында, «Сарайшық» базары алдына өзгертілгенін хабарлайды. Бұл өзгеріс «Аламан» базары басшысының орын ақыны өсіруімен байланысты", - делінген хабарламада.
Аптаның әр сенбісі мен жексенбісінде сағат 09:00-15:00 аралығында өтеді. Атырау облысы бойынша шаруа қожалықтары, тауарөндірушілері, көтерме тасымалдаушы кәсіпкерлер өз өнімдерін тікелей делдалсыз халыққа ұсынады.