Атырауда Ақсай ауылдық округі таратылады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкеновтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті 27-і сессиясында айтылды. Онда белгілі болғандай, қалалық әкімшілік - аумақтық құрылысына бірқатар өзгерістер енгізілмек. Осы арқылы ауылдық округті қайта құру туралы шешім қабылданады.
Одан бөлек, сессияда өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, депутаттар сауал жолдады.