Атырауда аптап ыстық қашан қайтады? (видео)

Атырауда аптап ыстықтың қашан қайтатыны туралы болжам жасалды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Хафизұлы мәлімдеді.

"КазГидромед" Атырау филиалының ақпаратына сәйкес шілде айының 20-сына дейін аптап ыстық сақталады. Одан әрі күннің ыстығы бәсеңдейді деп болжануда" деді ол. Маманның айтуынша, аймақта шілде айына дейін 133 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде аптап ыстық салдарынан тұрғын үйлер мен автокөліктерде өрт оқиғасы жиілеп тұр.