Атырауда апатты жағдайды жоюға 14 бригада жұмылдырылды
Қатты екпінді желдің салдарынан Атырауда электр беру желілерінде апатты жағдай орын ала бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазір апатты жою үшін «Атырау Жарық» АҚ-ның 14 бригадасы жұмылдырылды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімідігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Айта кетейік, тұрғындар тарапынан өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы қабылданады.