Атырауда «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жедел профилактикалық іс-шара - ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Соңғы уақытта интернет желісін алаяқтық мақсаттарда пайдалану арқылы құқық бұзушылықтар саны артты. Адамдарды алдау
үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет - дүкендер, «жалған» парақшалармен мен сайттар жасайды.
 
Осы ретте, Атырау облысы полиция департамерті сақтық шаралары туралы ескертеді:
 
- парольдерді үнемі өзгертіңіз, және ол күрделі болуы керек;
 
- төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыз: смс растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т.б.;
 
- банк картасын қараусыз қалдырмаңыз, белгісіз және бейтаныс адамдарға жеке
 
деректеріңізді, карта нөмірін және CVV-кодты бермеңіз.
 
«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы 21 ақпанға дейін жалғасады. 
 
Эльмира Мықтыбаева 
Фото: freepik.com