Атырауда «AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы ашылды

Орталық «AMANAT» партиясы жанынан ашылып отыр.

«AMANAT SERVICE» арқылы бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың, «Отбасы банкі» мен «E-gov» өкілдері азаматтардың өтініштерін қабылдайды. Онда кеңес беру орталығы сәулет, еңбек, тұрғын үй қатынастары саласын қамтиды.

"AMANAT" партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Ідірісовтің айтуынша, «AMANAT SERVICE» орталығы халық тарапынан кеңес, арыз-шағымдарын қалдыру және партияға қатысты көмек алу үшін ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты – халықпен бірге жұмыс істеу. Онда көрсетілетін қызметтің 11 түрі бар. Алты қызмет мемлекеттік органдармен жұмыс істесе, бесеуі партияға қатысты мәселелерді қамтиды.