Атырау қаласында 43 көпбалалы ана марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ел Президентінің 2023 жылғы 7 маусымдағы №243 Жарлығымен 43 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегері атанды.
Мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов арнайы табыстады.
Отбасы құндылықтарына ерекше мән беру қажеттігін айтқан Нұржан Мақсотұлы аналарды құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған айрықша үлесі үшін өз алғысын білдірді.
Айта кетейік, Атырау қаласында 161 ана «Күміс алқа» және 53 ана «Алтын алқа» иегері атанып отыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА