Атырауда Алғыс айту күні 24 сәби дүниеге келді

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Атырау облысында 24 нәресте өмірге келді. Оның ішінде 10-ы – ұл, 14-і – қыз бала. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл қуанышты жаңалық өңір тұрғындары үшін ерекше мәнге ие болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

⠀Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, перзентханаларда аналар мен сәбилерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілген. Қазіргі уақытта ана мен бала дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары тұрақты.

— Осындай мағыналы күні 24 сәбидің дүниеге келуі – өңіріміз үшін қуанышты әрі айтулы оқиға. Әрбір ана мен баланың амандығы – біздің басты назарымызда. Дәрігерлер тәулік бойы қызмет етіп, барлық қажетті көмекті көрсетуде. Жас отбасыларды шын жүректен құттықтаймыз, — деді Облыстың штаттан тыс акушер-гинекологы Меруерт Айдарханова.