Атырауда Алғыс айту күні қайда не болады?

1 наурыз – Алғыс айту күні. Осыған орай, Атырауда бірқатар шаралар легі өтпек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1 наурыз күні сағат 15.00-де облыстық халық шығармашылығы орталығында мерекелік шара ұйымдастырылмақ. Сол күні сағат 20.00-де Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «ЖырLINE» жобасы өтеді.

Ал, 2 наурызда сағат 16:00-де «Достық үйінде» Аналар кеңесінің «Қазақтың тұмары туралы» атты  іс-шара жоспарлануда. Ұйымдастырушы –  облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі. 

Сондай-ақ, 3 наурыз күні «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы халық алдында есеп береді деп күтілуде. Концертті облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырмақшы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ