Атырау облыстық балалар ауруханасында алғаш рет «үшінші типті жұлын бұлшықет атрофиясы» диагнозы қойылған 15 жасар науқасқа Нусинерсен препаратын интратекальді енгізу арқылы ота жасалды.
Күрделі отаны М.Оспанов атындағы Ақтөбе қаласындағы Батыс-Қазақстан медициналық университетінің неврология, психология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Дінмұхамед Аяғанов жергілікті дәрігерлермен бірлесіп жасады.
Айта кетейік, «үшінші типті жұлын бұлшықет атрофиясы» диагнозы өлім-жітім деңгейі жоғары күрделі генетикалық ауру. Қыздың бұлшық еті жұмыс істемеді, ол өз бетімен дем ала алмайды, сөйлей алмайды, тіпті ас не су жұта алмайды. Бірақ осындай ақаулары бола тұра, интеллекті сақталған. Пациенттің 4-ші дәрежелі сколиозының болуы – процедураны қиындатты.
Омыртқа бұлшықетінің атрофиясын емдеуге арналған алғашқы препаратты енгізу процедурасын Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Шодер Әріпов сәтті жүзеге асырды. Нусинерсен препараты науқастың денсаулығын толық қалпына келтіруге кепілдік бермегенімен, өмірін жеңілдетеді. Отадан соң атыраулық ақ халаттыларға дәрігер Д.Аяғанов дәріс оқыды.