Атырауда алғаш рет қоқиқаздар пайда болды (+ВИДЕО)

Жергілікті байырғы тұрғындар мен орнитолог мамандардың айтуынша, бұл әдемі құстарды қала маңынан, мұнай өңдеу зауытының жанынан көру жиі кездесетін құбылыс емес, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Күз мезгілінде жылы жаққа ұшар кезде қоқиқаздар тобының демалатын орны Атырау қаласының маңындағы мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан «Сасық сай» булану алаңы болыпты. Қазір булану алаңында әкімдік пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы «Tazalyq» экологиялық жобасын іске асыруда. Жоба Атырау қаласының экологиялық ахуалын жақсартып, қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған. Орнитологтар құстардың ұшу кезінде демалу үшін булану алаңын таңдауына алаңдауға негіз жоқ екенін айтады, бұл жерде оларға қажет табиғи тағам – ұсақ шаянтәрізділер бар. 

«Қоқиқаздардың қонуына қарағанда, демек сол алаңда қоректері бар деп болжауға болады. Ол жерде қоқиқаздарға азық болатын өсімдіктер мен микроағзаларды өсіретін микробиологиялық процестер жүріп жатыр» дейді «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығы ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Илья Бофонов.

Қызыл кітапқа енгізілген жабайы құстар тобының пайда болуы булану алаңындағы экологиялық жағдай жақсарғанының белгісі болуы да мүмкін. Атырауда «Сасық сай» деп аталатын булану алаңы 1945 жылдан бері бар. Атырау облысы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, қаланың сол жағалауында 476 га жерді алып жатқан булану алаңын қалпына келтіру үшін қалалық әкімдік жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алды. Жұмыс 2021 жылдың тамызында басталды.

Жобаны іске асырудың бірінші жылында топырақ тасылып, бөгеттер салынды, арнайы алаң дайындалды, тұнба шөгінділері жиналып, учаскелер қамыстан тазартылды. 2022 жылы булану алаңынан жалпы көлемі 355 мың текше метрден астам тұнба шөгінділері алынып, тазартылды.

Қазір бұл жұмыстар жалғасуда, сонымен қатар бөгеттерді толтыру, тегістеу және тығыздау үшін инертті материалдар сатып алынды. Жоба бойынша жұмыстардың барлық кезеңін 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Возможно, это изображение гусь, пеликан, лебедь и водоем