Атырауда алғаш рет «Business Forum: Beyond oil and gas» форумы өтті

Мұнайлы аймақ үшін шикізаттық емес бизнес түрлері және өңірдің жастарын цифрлық тұрғыдан оқытудың маңыздылығы туралы форум өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Форумда қоғамның, әсіресе жастардың назарын ресурстық емес экономика мен бизнесті дамытудың маңызды тақырыбына аудару, табысты кәсіпкерліктің нақты кейстерін көрсету көзделген. Сондай-ақ жиын жастарды цифрлық трансформация және электрондық коммерция туралы ақпараттандырумен ерекшеленеді.
 
Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде «Панельдік сессия: Мұнайлы аймақ үшін шикізаттық емес бизнес» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Онда модератор «Bolashaq Petroleum Club» сарапшылық клубының төрағасы Жәнібек Катренов әртүрлі сала үздіктерімен бизнес жайында талқылап, тренинг өткізді. Екінші бөлімде «Techno Women» коммерциялық емес ұйымның белсендісі, BSC Group консалтингтік компанияның негізін қалаушы Лауэра Закидің көшбасшылығымен бес кәсіпкер әйел қатысушыларға бизнес саласындағы қаржы, инновация, цифрландыру тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді
 
Лауэра Закидің айтуынша, бұл жиын Орталық Азиядағы әйелдердің цифрлық кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етеді.
 
"Бүгінгі форумда С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай газ университеті мен «Techno Women» арасында меморундумға қол қойылады. Алдағы уақытта бұл келісім арқасында тұңғыш рет Атырау қаласында «Techno Women» филиалын ашуға септігін тигізеді. Онда әртүрлі санаттағы әйел азаматшаларды сандық технологияларға автомоттандыру, жаңа техникаларды қолдану, стартаптар жасау, күнделікті өміріне, тұрмысына, кәсібіне қолданатындай қылып оқыту жоспарланған",- деді Л.Заки.