Атырауда алдағы 7 күнде ауа райы салқын болады

Атырау облысында осыған дейінгідей күн ыстық болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, бүгін облыстың шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ал  20-23 маусым күндері аспан ашық, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, күндіз 21-26, кей күндері 28-33 градус ыстық болады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Атырауда нөсер жауын жауып, желдің екпіні күшейген еді. Тіпті кей жерлерде бұршақ жауып, көпті әбігерге салды. Мамандардың айтуынша, күннің салқындауына ауа қысымының өзгеруі себеп. 

 

Мира НҰРТАЕВА