Атыраулық полицейлер 30 тұрғынды 40 млн теңгеге алдап кеткен алаяқты әшкереледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың желтоқсан айы мен қаңтар айы аралығында Каспий және Freedom Finance банктерінен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп 30 адамды алдап, 40 млн теңгені имеденіп алған алаяқты анықтап,ұстады. Тексеру барысында күдікті 1990ж.т., Махамбет ауданының тұрғыны екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек негізінде ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.