«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өртеніп жатқаны туралы AtyrauPress тілшісі хабарлайды.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Атырау қ., Дамба ауылынан 20 шақырым қашықтықта "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағында 280 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды. Тәулік ішінде 200 га аумақтағы жану өздігінен өшті. ТЖД және "Ақжайық" МТР бірлескен күшімен 50 га аумақтағы өрт жойылды.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Қазіргі уақытта 30 га аумақтағы жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түнгі уақытта өрттің таралуына жол бермеу мақсатында "Ақ Жайық" МТР тиесілі 2 бірлік тракторымен 20 шақырым аралықта минералды жолақтар салу жұмыстары жүргізілді.
Өрт сөндіру жұмыстарына Атырау облысының ТЖД 85 жеке құрам, 13 бірлік техника; "Ақжайық" МТР мекемесінен 25 адам, 10 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жердің сулы-батпақты және қамыстардың қалың, биік болуы қамыс өртін сөндіруге қиындық туғызуда.
Мадина Сериккызы