Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Әкімдіктің жүзеге асырып келе жатқан көптеген жобалардың тағы бірі – қазақ әдебиетін, соның ішінде жергілікті жазушыларымыздың туындыларын аудио нұсқаға аударып, танымал платформаларға жүктеу. Осыған байланысты Bookmate қосымшасымен келісімге келіп, алғашқы төрт кітаптың аудио нұсқаларын жасап, қосымшаға жүктедік. Алдағы уақытта тағы 30-дан астам кітапты енгізетін боламыз. Жобаны ұйымдастырып, жаңа технологиялармен қазақ әдебиетін ұштастырып келе жатқан ақынымыз, Жазушылар одағының Атыраудағы басшысы Алия Даулетбаева ханымға ерекше алғыс айтқым келеді" деген Жасұлан Орақұлы бұл жобалар белсенді азаматтардың ұсыныстарымен басталғанын және олардың сәтті жүзеге асуы үшін қоғамның назарында болуы маңызды екенін айтып өтті.
Аталған кітаптардың аудинұсқасымен осы сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.
Амандық АБДОЛ
Фото: ru.freepik.com