Атырауда жыл басынан бері 90-ға жуық мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі көшелер мен жол бойына рейдтік жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде қараусыз жүрген 100-ге жуық мал “АрнаулыАвтобазаның” айып тұрағына қамалды, - деді жергілікті полиция қызмет бөлімі бастығының орынбасары Айбол Ідірісов.
Полиция барлық мал иесіне жайылым ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.