Атырауда ағайынды Нобельдер тұрған ауыл бар

Атырауда ағайынды Нобельдер мұнай өндірген ауыл бар деп хабарлайды AtyrauPress.

Кеңес үкіметі орнамастан бұрын Исатай ауданына қарасты бұрынғы Новобогат,  қазіргі Х.Ерғалиев ауылында белгілі ағылшын көпестері ағайынды Нобельдер өмір сүрген. Ағылшындар ауыл шетінде мұнай барлау жұмыстарын жүргізіп, патша үкіметі құлағаннан кейін  кен орнындағы мұнай көзін бітеп кеткен деседі. Ол орын әлі күнге бар. 

Ағайынды Нобельдер салған казарма


Шамамен 110 жылдан астам уақыт бұрын Нобельдер салған үлкен казармада әлі күнге адам тұрады. Апатты жағдайда деп танылғанымен, бүгінде бес отбасы паналап отырған ғимарат - ауылдағы ең көне үйлердің бірі.
Бұның Нобельдердің ғимараты екендігі  Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінде жарияланған «Мені туған қашанғы Қамысқала» атты мақалада анық жазылған. Материалда бұрынғы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз  марқұм Сергей Ниғметжанов былай дейді:

«1911 жылы ағайынды Нобельдер осыннан мұнай кезін тауып, барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізе бастайды. Солардын осы төңіректен салған казармасы әлі бар. Оны қазір тұрғындар баспана ретінде пайдаланып отыр. Революциядан кейін ауылдан көшкен ағылшындар кен орнын Досмұхан Бекмұхамбетовке тапсырып кеткен. Сол кезде құрылған қорғаныс отряды аталған кен орнын бақылауда ұстаған. Оның құрамында он бес адам болды.
- Қазірде орны ғана бар ескі кен орнынан сәл әріректе екі зауыт бол- ды, - дейді ардагер әңгімесін одан әрі жалғап. Мұнайды өгіз арбамен сол зауыттарға таситын Сейтіп одан бензин мен керосин айыратын Зауыт жер көмбеде орналасқан. Өнімдерді сақтайтын орын да бол- ды. Соғыс кезінде осыннан айырыл- ган мұнай өнімдерін түйемен қалаға тасыды, - дейді ұстаз» («Нарын таңы» 33(3829)17.08.2017. авт: С.Панабердиев).


«Бұнда қазан төңкерісіне дейін ағылшындардың тұрғаны рас.  Оған дәлел көп. Ауылға газ тарту кезінде үш көшенің бойында жерасты құбыр табылды. Міні құрамаған тұрбалар кезінде сол жерлерде инфрақұрылым болғандығын көрсетеді. Одан бөлек ағылшындар салған үш-төрт үй болды. Сол үйлердің едендерінің астына ағаш ұнтақтарымен толтырылған қораптар қаз-қатар қаланған. Төбе жабыны да ерекше, аса қалың да емес, бірақ жылы» дейді бұрынғы ауыл әкімі Бекболат Мусин.
Осыдан оншақты жыл бұр Х.Ерғалиев ауылына (бұрынғы Новобогат) ағайынды Нобельдердің ұрпақтары келіп,  әкелері жүріп өткен ауылдың   тыныс-тіршілігімен танысты деген де әңгіме бар.