Атырауда адам толы көлік шұңқырға түсіп кетті...

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"15 қазан күні түнгі сағат 4:00 шамасында Ford Kuga автокөлігін басқарған 1969 ж.т., Ресей елінің азаматшасы Атырау-Индер тасжолының 67 шақырымы тұсындағы жол жөндеу жұмыстары өтіп жатқан бөлігіндегі шұңқырға түсіп кеткен. Жарақат алғандар жоқ. Автокөлікте 4 жолаушы болған. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ