25 тамыздан бастап орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Атырау қаласындағы А-38 тас жолының айналма жолдан теміржол көпіріне дейінгі аралығының бір жақ бөлігі уақытша жабылады.
Жүргізушілерден жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтап, уақытша қойылған жол белгілеріне мұқият назар аудару сұралады.
Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.