Атырау облысында мопед айдаған жасөспірімдердің жарақат алуы жиілеп кетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің ақпараты бойынша жыл басынан бері мопедпен байланысты жарақат алғандардың саны 98-ге жеткен. Төрт бала реанимацияға түсті, 14 науқас ауруханада ем алып, 80 адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.
-Тәжірибеге сүйенсек, көп жағдайда мұндай көлік түрлерін жасөспірім жүргізушілер пайдаланады. Бұл жүргізушілер қарапайым жолда жүру ережелерін сақтамайды. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алады. Ал, мұндай апаттардың салдары денсаулық пен өмірге үлкен қауіп төндіретінін естен шығармаңыздар! - дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі