Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қала аумағындағы жолдар мен көшелерде және жеке тұрғын үй секторларында судың көптеп жиналуы орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тазарту жұмыстарына жұмылдырылған 46 арнайы техника бірінші кезекте қаладағы әлеуметтік нысандар мен ірі көлемде су жиналған көше бойларын судан тазартып жатыр. Қазіргі таңда 9 мың текше метр су сорылды. 26-27 наурыз аралығында 109 бірыңғай байланыс орталығында судан тазалау бойынша 932 қоңырау қабылданып, өтінімдер кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.
"Тазарту жұмыстары тәулік бойына жалғасады. Мәселеге қатысты өтінімдер әлеуметтік желі парақшаларымыз және 109 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы қабылданады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ