Биыл шомылу маусымы басталысымен 9 адам суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Екеуі – бала. Тағы бір бала әлі іздестірілуде. Қайғылы жағдайға тұрғындардың белгіленбеген жерде шомылуы себеп болып отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов өңірде 70 қауіпті аймақ бар екенін айтады.
– Жыл басынан аймақтағы су айдындарында көз жұмған 11 адамның төртеуі кәмелетке толмаған. Құтқарушылар 7 адамды құтқарды. Кейбірі мас күйде шомылса, енді бірі өз күшін асыра бағалап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Ал балалар бақылаусыз қалып қояды, – дейді ол
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ