Атырауда 86 апатты жағдайдағы үйде 1500-ден астам отбасы тұрады

Caspian news телеарнасының тілшісі тікелей эфирде қала әкімінен осы үйлердің қашан сүрілетіндігі жайлы сұрады. «Жалпы үй тұрғын үй кезегі бойынша беріледі.  Ал,  сүрілген үй иелерін реновация  бағдарламасы арқылы да  жаңадан салынған пәтерлерге көшіруге болады.  Сол себепті біз бүгінде инвесторлармен және ірі құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.  Ондағы мақсатымыз — жаңа бағдарлама бойынша  тұрғын үй құрылысын арттырып,  қаламыздағы апатты үйлерде тұратын тұрғындарды сонда көшіру.  Барлығын бюджеттің есебінен реттеуге әзірге мүмкіндік жоқ. Және ол көп уақыт алуы мүмкін. Сондықтан оны күтпей,  жеке кәсіпкелермен бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет» деді жақында тағайындалған қала әкімі Мейірім Қалауи.