Атырауда 8 наурыз мерекесі күні автобустар тегін қызмет көрсетеді

Облыс орталығында қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен  осындай сый жасап отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«8 наурыз күні қала ішінде және қала сыртына жүретін қоғамдық көліктер нәзік жанды азаматшаларды тегін тасымалдайды. Автобустар әдеттегі кестеге сәйкес таңғы сағат 07: 00-ден бастап жүреді. Яғни, № № 12 және 14 маршруттар сағат 23:00-ге дейін, қалғандары 21:00-ге дейін жолаушылар тасымалдайды. Рейске барлық бағыттар бойынша жалпы 200 автобус шығады», - деді «СмартАтырау» КММ директоры Арслан Аронов.

Эльмира Мықтыбаева