Бұл туралы Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Гүлдана Қыстаубаева мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Заң талабына сәйкес өңірімізде бір ғана палата жұмыс жасайды. Қазіргі таңда облыс бойынша 87 жеке сот орындаушы бар. Өңірлік палатаға жыл басынан бері 146 475 шағым келіп түсті. Оның ішінде 8 500-і алимент өндіру бойынша болса, қалған 60 пайыз өтінімдер заңды және жеке тұлғалардың пайдасына ақша қаражаттарын өндіру жөнінде болып отыр. Бүгінгі күні келіп түскен құжаттардың 45 000-ы аяқталса, 28 430 құжат аяқталуға жақын. Қалған құжаттар әлі қаралу үстінде, деді Г. Қыстаубаева.
Сонымен қатар, оның айтуынша, арызданушы сот орындаушының жұмысына көңілі толмаған жағдайда Әділет департаментіне немесе өңірлік палатаға келіп, көмекке жүгінуге болады. Оған қоса, арызданушы adilet.gov.kz сайтына кіріп, өз ЖСН-ді теру арқылы барлық құжаттарды жүктей алатынын айтты.
-Есептік кезеңде облыстың Әділет департаменті және өңірлік палата бірігіп, бірқатар жұмыстар атқаруда. Атап айтатын болсақ, алиметтерді өндіру бағытында жәрмеңкелер ұйымдастырылып, рейттік шаралар өткізіліп тұрады. Жуырда өңірімізде алиметті қасақана төлемей отырған борышкерлерге қатысты меморандум жасақталып, мемлекеттік органдар арасында және палатаның бастамасымен қол қойылды. Шешімінде бір борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Атырауда алимент өндіру бойынша арнайы кеңсе ашылды. Бұл орынға өңірдің төрт сот орындаушысы жұмылдырылған, деді атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Зарина Төребаева.
Сондай-ақ, З.Төребаева қазіргі қоғамда өзекті проблеманың бірі алимент өндіру болғандықтан, бұл бағытта көптеп шағымдар түсетінін айтып өтті. Ол проблеманы сот орындаушыларымен бірігіп қабылдау жүргізіп, борышкерлерді әкімішілік жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асады. Әділет департаментінде «адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Күн сайын жұмыс кестесіне сай, департаменттің білікті мамандары қабылдау жүргізіп, проблеманы шешу мақсатында кеңестер беріп келеді