Ауылдық жерлердегі әйелдерді әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары нәтижесін бере бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Биыл көмекке жүгінгендердің 50 пайызы жұмысқа орналасты. Оның 5170-і ауылдық елді мекендерде тұратын әйелдер. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлім етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылғандардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мыңнан астам әйел онлайн skills және «Бастау-Бизнес» жобасымен оқытылып, 4 394 әйел мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты, - деді Г.Аманғалиева.
Анықтама үшін: жұмыспен қамтылған әйелдердің 2 786-сы қоғамдық, 263-і әлеуметтік және егде жастағы 487 әйел «Күміс жас» жобасымен жұмысқа орналасқан.