Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау қаласының тәртіп сақшылары қала аумағында көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге арналған өткелді көре тұра, одан тыс жерден өткен 7000-ға жуық жаяу жүргіншіні анықтады. Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 6063 теңгеден айыппұл салынды.
Одан басқа, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1000-нан астам көлік жүргізушілері анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 600-бабымен әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.
- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырамыз. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек екенін еске саламыз, - деді Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Даурен Насиполла.
Фото ашық дереккөздерден алынды.