Атырауда 700 мың теңгеге жуық айыппұлы бар 7 жүргізуші анықталды

«Қорғау – Қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен мамыр айынан бері Атырау қаласының аумағында 3000-ға жуық құқық бұзушылық фактісі тіркелген, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


    "Аталған фактілердің ішінде мемлекеттік нөмір тағып көлік жүргізген – 10, көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде – 38, сақтандыру полиссіз жүрген – 2569 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ күйде көлік басқарған 5 жүргізуші анықталып, әкімшілік хаттама жасақталып, 500-ге жуық автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды" делінген хабарламада.


    
Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде бірнеше айыппұлды қатар арқалаған жүргізушілер көбейген. Мәселен, бір ғана Gelly маркалы автокөлігінің 121 600 теңге көлемінде төленбеген 16 айыппұлы анықталып, айып тұрағына қойылыпы.

    "Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бір апта ішінде 700 мыңға жуық төленбеген айыппұлы бар 7 автокөлікті анықтаған. Бұның ішінде әр автокөліктің кем дегенде 10 айыппұлы бар" дейді департаменттің баспасөз қызметі.