Атырауда 7 жылға сотталған келіншек түрмеде тұрмысқа шықты

Атырауда кәмелетке толмағандар саудасы бойынша 7 жылға сотталған келіншек түрмеде тұрмысқа шықты, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,  әділет майоры Марта Утепова мәлімдеді.
Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны саналатын 21 жастағы келіншек бостандықта өзара сөз байласқан азаматқа тұрмысқа шыққан.

Неке қию рәсімі Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 әйелдер түзеу мекемесінде өткен және оған мекеме әкімшілігі мен азаматтардың хал актілерін тіркеу  қызметкерлері қатысқан екен.

Бұған дейін әйелдерді түзеу мекемесінде неке салтанаты соңғы рет былтыр болыпты.