Бұл туралы AtyrauPress Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Балық аулауға заңсыз шыққандар Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Дамбы балық инспекция бөлімі және Балық шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің бірлескен рейд шарасы барысында анықталып отыр.
«Рейд барысында 4 қазан күні сағат 12:30 шамасында Жайық өзені бойы, алтыншы өзек тұсынан «Волжанка 600», ілмелі мотор «Ямаха40» қайығымен заңсыз балық аулап жүрген 3 азамат ұсталды. Тексеру кезінде шыққан 61,3 кг қара балықтарымен ау құралдары тәркіленді», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Осы ретте Қылмыстық кодекстің 335 бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген залал 768 мың 901 теңгені құрады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА