Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімедід, деп хабарлайды AtyrauPress.
Қазіргі таңда арнайы бекітілген кестеге сәйкес қала көшелеріне 60 дана қоқыс алаңы орнатылды. Ал қараша айының соңына дейін қалған 30 қоқыс алаңшасын жаңарту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Спецавтобаза» мекемесі өз қаражатынан жыл соңына дейін 100 дана қоқыс алаңын жаңарту көзделген. Бүгінгі күні 50 данасы орнатылды.
Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады. Осылайша, 2023 жылдың аяғына дейін қала аумағындағы барлық қоқыс алаңдарын жаңарту жоспарланған.