Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
ТЖД мәліметінше, оқиға Атырау қаласында Вокзал маңы 3-ықшамауданында жергілікті сағат 22:00 шамасында орын алған. Белгілі болғандай, балақай үйде қараусыз қалған.
"Баланың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандардың жіті бақылауында" деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін елімізде жыл басынан терезе мен балконнан 134 бала құлағаны айтылған еді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ