Бұл туралы Атырау қаласының полиция басқармасы хабарлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
6 желтоқсан күні сағат 07:00 шамасында Тұран көшесінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Нәтижесінде 59 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар жиналуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ