Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Сонымен қатар демеушілер қаржысы есебінен 1200 орындық екі мектептің құрылысы басталып, 2023-2024 жылдары пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Ал 2024 жылы 4000 орындық екі мектеп пайдалануға берілмек. Бұл жұмыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында жүзеге асып отыр. Одан бөлек білім беру сапасын жақсарту мақсатында облысымызда 12 мектептің құрылысы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4100 орындық 6 мектептің құрылысы да жүргізілетін болады,-деді Қ.Нұртаев.
Оның айтуынша, бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласының Томарлы ауылында саз мектебі, Исатай ауданы Аққыстау селосында 250 орындық өнер мектебі, Мақат ауданы Доссор кентіндегі Мұнай және Газ технологиялық колледжінің дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыстары басталды. Бұл нысандар 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
- Балабақшалар қатары да көбеймек. Мәселен, Атырау қаласында 2610 орындық 9 балабақшаның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынып, жақын арада пайдалануға беріледі. Сонымен қатар демеушілер қаражаты есебінен 320 орындық екі балабақшаның да құрылысы аяқталады. Оған қоса 440 орындық екі балабақшаның да құрылысы жүргізіліп жатыр, олар 2023 жылы пайдалануға беріледі,- деді ол.
Фото: иллюстратив