24 Қаңтар, 2022 2522

Атырауда 52 жастағы әйел жасанды ұрықтандыру жолымен тұңғышын дүниеге әкелді

 Атырауда 52 жастағы әйел жасанды ұрықтандыру жолымен тұңғышын дүниеге әкелді

Атыраулық әйел жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. "Атырау облыстық перинаталдық орталығында 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен жүкті әйелге ота сәтті жасалды. Салмағы 3 келі, 70 грамм ер бала дүниеге келді. Бойы - 51 см. Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, ота шұғыл түрде жасалған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы" делінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз- қызметі таратқан мәліметте.