Бұл туралы облыстық психикалық денсаулық орталығы наркология бөлімінің меңгерушісі Ержан Төремұратов облыстық «Атырау» газетіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, жыл басындағы есеп бойынша облыста 517 нашақор болса, оның 21-і әйел, біреуі – жасөспірім.
Ал, жалпы Қазақстанда ресми тіркеуде 20 мыңға жуық нашақор бар көрінеді. Оның 1,5 мыңнан астамы – нәзік жандылар, 43-і - буыны қатып, бұғанасы бекімеген бала.
Атыраулық маман халық саны 20 миллионға жетпеген еліміз үшін осы сандардың өзі ұлттың денсаулығы ғана емес, қауіпсіздігіне төнген зор қатер деп отыр.