Бұл туралы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында өңірлік «Бизнес-аймақ» бағдарламасы іске асырылып, жергілікті бюджеттен 2013-2021 жылдары 3,3 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 531 жоба қаржыландырылып, 718 жаңа жұмыс орны құрылған.
- Бұл бағытта биыл қосымша жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 45 ауыл кәсіпкердің жобалары қаржыландырылды. Қазіргі таңда бизнесті ақпараттандыру мақсатында жыл басынан бері кәсіпкерлер арасында мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың қолдау құралдары туралы түсінік жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Яғни мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен облысымыздың барлық аудандарын қамтумен осы жылдың басынан бері 5000-ға жуық қатысушысы бар 75 онлайн және оффлайн форматында кездесу өткізілді,- деді Н.Жаңбеков.
Сондай-ақ биыл өңірлік кәсіпкерлік палатасымен 789 кәсіпкерлік субъектісіне 829 сервистік қызмет көрсетілген. Бизнестің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің 44 жобасына сараптама жасау жұмыстары жүргізілген.