Атырауда 50-ден асқан кісілер еріктілер қатарына шақырылады

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы»  өңірдегі күміс волонтерлер қозғалысын дамыту мақсатында елуді еңсерген кісілерді шақырады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстағы «Кumis volunteer» жобасының мақсаты – 50 жастан асқан адамдарды волонтерлік қызметке тарту. Олардың білімі мен жинақтаған тәжірибесі арқылы адамдарды азаматтық қоғамның дамуына ықпал ету және еліміздің әлеуметтік өміріне белсенді қатыстыру. Аға ұрпақ өкілдерінің өмір және еңбек жолдарын насихаттау арқылы жастарды қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Толыққанды ақпаратты 7-778-118-19-83; 8-702-824-31-98; 8-778-777-89-94 телефон нөмірлеріне хабарласып алуға болады. 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА