Атырауда 5 млн теңгеге жуық айыппұлдары бар екі тұрғынның автокөліктері тұраққа қойылды

Тәртіп сақшылары оларды рейд барысында анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызмет бөлімінің іздестіру тобы жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізді.

Рейд барысында атыраулық полицейлер айыппұлдарын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізушілерді анықтады.

Мәселен, рейд барысында маркасы Volkswagen Polo автокөлігі тоқтатылып, автокөліктің 3 209 394 миллион теңге көлемінде, Lada 21903 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 1 792 167 миллион теңге көлемінде төленбеген айыппұлдары бар екені анықталып, арнаулы тұраққа қойылды.

Мира Нұртаева 

Фото: pixabay.com