Атырауда 5 күнде 500-ден астам құқықбұзушылық анықталды

26-31 қазан аралығында қоғамдық көліктің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында облыс аумағында қоғамдық көліктердің қатысуымен 500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде:
- жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған-67 тұлға;
- автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзған-5 тұлға;
- тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған-17 тұлға;
- рейс алдындағы тексеруден және медициналық тексеруден өтпеген-10 тұлға;
- мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған-107 тұлға;
- көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны пайдаланған-88 тұлға;
- белгiленген жүру жылдамдығын арттырған-26 тұлға;
- маневр жасау қағидаларын бұзған-94 тұлға;
- жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған-1 тұлғаға әкімшілік жауапкершілік көзделді.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабының 2 бөлігі бойынша 47 жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынып, 16 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.