Игі бастама “Қоғамдық кеңістіктер” жобасы аясында іске асты, деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шоқпартоғай ауылында 5 әлеуметтік нысанның екеуі балдырғандар үшін салынды. Арнайы жасақталған алаңда бір уақытта 500-дей ауыл баласы асыр салып ойнай алады.
Бұл ретте салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар да назардан тыс қалмады. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында “Шынықсаң шымыр боласың” атты спорт алаңы ашылды. 28 шаршы метр жерге соңғы үлгідегі конструкция орналастырылған.
Жаңартылған Жеңіс саябағы да ауылдың шырайын ашып тұр. Саябақта соғыстан оралмаған 182 майдангердің аты-жөні 8 мемориал тақтасына қайта жазылды.
Шоқпартоғай ауылында 3000-нан астам тұрғын бар. Бұл ауыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген республикалық «Үздік 30 ауыл» жобасында үздіктер қатарынан көрінген.