Атырауда 454 көшеге жарық жүргізілуде

Биыл қаладағы 885 көше толық жарықтандырылған. Қазір 216 көшеге электр энергиясы тартылып, 238 көшеге жарық шамы орнатылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Бүгінде «Атырау қаласын жарықтандыру» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында «Батыс Транзит» ЖШС қала және қалаға қарасты шағынаудандарда 454 көшені жылдың соңына дейін жарықтандырады. Қалалық ТҮКШ тарапынан жарық шамдарын күтіп ұстауға және уақытылы қалпына келтіру жұмыстары үшін мекемелер арасында ашық конкурс жарияланды, - деді қалалық ТҮКШ Энергетика және байланыс сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Олжас Хасанов.

Оның айтуынша, келер жылы 270 көшеге жарық тіректері орнататылады