Атырауда 44 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өтті

Бұл туралы «Атырауинжстрой» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Елде қалыптасқан құрылыс материалдары мен битумның тапшылығына қарамастан «Атырауинжстрой» компаниясы бекітілген жұмыс көлемін мерзімінде аяқтады. Көктемде басталған жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күні 44 мың шаршы метр жол қалпына келтірілді.

Ауа райының қолайлылығын ескере отырып, жол ойықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары күзде жалғасты. Осылайша, А Құнанбаев, Берғалиев, Құттығай  батыр, айналма жол мен Қабдолов көшелеріндегі шұңқырлар қалыпқа келтіріліп,  жол қозғалысы қатысушыларының арасында апаттың алдын алуға бағытталған жұмыс жоспарлы атқарылды.