Облыста 2025 жылға дейін жалпы құны 44 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Сонымен бірге, 6,5 трлн теңгелік 5 ірі мұнай-газ химия жобасы қолға алынған. Бұл бастамалар 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша өткен мәжілісте мәлімдеді.
– Өңдеу өнеркәсібін дамыту – Президенттің Жолдауында ерекше атап өтілді. Жобалардың іске асуы облыс экономикасын әртараптандырып, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, – деді әкім.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ
Сурет - Әнуар Әділғазиевтікі