Атырау қаласы аумағында тәртіп сақшылары көлік жүргізушілері мен жаяу жургіншілер қауіпсіздігін сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар өткізеді.
Іс-шаралар нәтижесінде жыл басынан жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра одан тыс жерден өткен 4000-ға жуық жаяу жүргіншіні анықталды, деп хабарлайы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың барлығы жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра тыс жерден өткен үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 6 126 теңгеден айыппұл салынды. Бұдан басқа, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 700-ге жуық көлік жүргізушілері анықталып, оларға қатысты жаяу жургіншілерге арналған өткелден жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынған.
- Жыл басталғалы жаяу жүргіншілердің қатысуымен 31 жол-көлік оқиғалары орын алды. ЖКО салдарынан 20-дан астам адам әр түрлі дене жарақатын алған. Оның ішінде 3-еуі жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден өткен кезде орын алған. Осы орайда, қала тұрғындарына жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырамыз. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек екенін еске саламыз-деді Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі Даурен Насиполла.