Атырауда 400 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар автокөлік иесі анықталды

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырауда 14 қыркүйекте жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіп жатыр.


Аталған іс-шара кезінде бейнебақылау камерасы арқылы "Балықшы" шағынауданында Lada маркалы автокөлігінің төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталып, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілген.


Полицейлер көлік жүргізушісін тоқтатып, тексеру кезінде төленбеген автокөліктің  400 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар екендігі белгілі болды. Көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.