"ҚазАвтоЖол" мекемесінің басшысы Мейірхат Қасымбаев биыл Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жол-құрылыс маусымында қандай жобалар атқарылатынын айтты деп хабарлайды ATPress.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып . Аталған жоба ішінде жыры жеткен «Атырау —Астрахан» күрежолы да бар. Атырау облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы - 1 126 шақырым. Оның 50 % жақсы және қанағаттанарлық деңгейде болса, 16 % күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазір облыс жолдарының 34 % немесе 385 шақырымы қайта жаңғыртылады. Олардың қатарында «Қандыағаш-Мақат», «Атырау-Астрахань» бар. «Ақтөбе-Атырау» жолы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 70 шақырымды құрайтын 2 жоба учаскелері орташа жөндеуден өтеді» деп атап өтті жауапты маман.